Қазақстандық аспазшылар ШЫҰ елдерімен бәсекеге түседі

Қазақстандық аспазшылар ШЫҰ елдерімен бәсекеге түседі фото на taspanews.kz от 25 августа 2024 00:04
Фото: Taspanews

24-25 тамыз күндері Алматы қаласы Республика сарайы алдында ауқымды іс-шара өтуде. Бүгін 50-ге жуық жергілікті мейрамханалар келушілерді тағамдарымен тәнті етті. Гастрофестивальдің аясында концерт те орын алды. Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысы Ғалия Тоқсейітова Taspanews.kz тілшісіне гастрофестиваль бағдарламасы осы жылы ерекше болатынын айтты. Еске салсақ, бұл жолы ол 3 рет өткізілуде.


«Біз ұлттар арасында мәдениеттің алмасуын көздедік. Бұл мақсат әр елдің аспаздығын өзгелерге таныту арқылы жүзеге асады. Осында тамақтану алаңы, фермерлер және қолөнершілер өнімдері де қарастырылған. Біз туризмді дамытуымыз үшін оны халықарылық деңгейге шығарғымыз келді. Бұл фестивальді шет ел де біле жүрсе», — деді ол.

Қазақстандық аспазшылар ШЫҰ елдерімен бәсекеге түседі фото на taspanews.kz от 25 августа 2024 00:04
Фото: Ғалия Тоқсейітова

Қала тұрғындарынан бөлек, келіп көрушілердің арасында Грузия және Түркия, Үндістан секілді ел азаматтары болды.


«Маған қала өте ұнады, өте жайлы. Достарыммен бірге Грузиядан Қазақстанды көріп-білуге келгенмін. Негізі, Грузияда аспаздық өте бағаланады, сондықтан Қазақстан тағамдары да менің қызығушылығымды туғызды. Мұндағы түрлі қазақи ас үй өнімдеріне мен таң қалдым. Иісінің өзі қандай керемет. Алматы Еуропамен бәстесе алатынына көзім жетті. Келесі кезекте — Көктөбеге қадам басамыз», — деп атап өтті Грузия елі азаматы Давид.

Қазақстандық аспазшылар ШЫҰ елдерімен бәсекеге түседі фото на taspanews.kz от 25 августа 2024 00:04
Фото: Давид

Халық дәмі демекші, Отандық өндіріс өз беделін тағы да аспандатты. Жергілікті фермерлер, жеке кәсіпкерлер де гастрофестиваль аясында өнімдерінен дәм татуды ұсынды.


«Біздің "Сырные традиции» атты ірімшік өнімдеріміз Алматының 170 мейрамханасында ұсынылады. Өнімдерімізді қолданатын Қазақстан халқына алғысымыз зор», — дейді «Сырные традиции» ЖШС өкілі Зайтуна Хитамова.

Galamilk ешкі сүті өнімдері өкілі өз тұтынушыларын тіпті өндіріс орнына экскурсияға шақырды:


«Біз сүтке қарақат, таңқурай қосамыз. Қарақат өз фермамызда өседі. Биойогурт пен сүзбеден басқа, сонымен қатар балмұздақ шығарамыз. Барлық өнімдер пробиотиктермен байытылған, олар "Био" болып есептеледі», — деді ол.

Алда әлі гастрофестивальдің екінші күні кезекте. 25 тамызда „Барбекю баттл“ аталған жарыс өтеді. Өз сөзінде Ғалия Тоқсейітова Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері аспазшыларды іріктеп, арнайы жібергенін айтты. Олар ұлттық тағамдарын қазылар алқасына ұсынады. Алқа құрамында „Мишлен жұлдызы“ иегері француздық аспаз Жером Кустияс та бар. Додада бір ғана жеңімпаз болмағы анық. Қай ел дәмі „мәртебеге ие болатындығы“ ертең белгілі болмақ.


Ал Ирандық аспаз Фатимэ Ализадэ жарыс келесі күні болатынына қарамастан, фестиваль алаңын бүгін де тамшалауға келген екен.


«Мен Ирандық ұлттық тағамды дайындаймын, аспаз және food блогермін. Қазақтар өте мейірімді екен, өзімді мұнда бақытты сезінемін», — деді ол.

Қазақстандық аспазшылар ШЫҰ елдерімен бәсекеге түседі фото на taspanews.kz от 25 августа 2024 00:04
Фото: Фатимэ Ализадэ

Алда не күтетінің ертеңгі күн ғана білмек, тек туризм дамып жатқанына сенім артты, себебі шет елдіктер көптің арасында әсіресе байқалды. Өз елінің тағамын іздеп келген болар.


Следите за новостями Taspanews