Қазақстандық робототехника құрамасы 3 дүркін чемпионға айналды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі фото на taspanews.kz от 30 сентября 2024 09:53
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Грекияда өткен FIRST Global Challenge робототехникадан ірі чемпионатта ұлттық құрама кезекті алтынды иеленді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Ұлттық құрама мүшелері – Алматы қаласының ФМБ НЗМ-нің оқушылары. 


Ердәулет Түргенбаев, Әлфия Байжақып, Нұржан Көкеев, Досжан Дайран және Қадылбек Дастан жеңімпаздар атанып, Grand Challenge Award номинациянда алтын медаль және А.Эйнштейн атындағы FIRST Global International Excellence және үздік инженерлік әзірлемелер үшін Robots Skills Challenge екі күміс медаль иеленді.


Үш жыл қатарынан жеңімпаз атанатын қазақстандық құрама 190 ел арасынан топ жарған. 


" Команда құрамы осы жылдарда қайталанған емес, еліміздің намысын қорғауға әр жарысқа үнемі жаңа ойыншы аттанып отырады, олар сайыстың ұлттық кезеңінде іріктеледі",  – деді қор негізін қалаушы және құрама жаттықтырушысы Асылбек Мұрзахметов.

Еске салсақ, осыған дейін құрама 2022 жылы Женева, 2023 жылы Сингапурда көрші мемлекеттердің робототехниктерін басып озған.


Следите за новостями Taspanews