«Ажырасты ма?»: Сейфулллин Жолбарыстың әйелі жазбасымен елді ойландырып қойды

Фото: tiktok.com/katya_vait_kz

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың жұбайы Екатерина Жолбарыс күйеуімен түскен фотоларын жүктеп, мұңды пост жариялады. Желі қолданушылары оларды ажырасып кетті деп тұспалдап отыр.


Екатерина Жолбарыс Tiktok-тағы ресми парақшасына әншімен түскен фотоларын жариялады.


«Жүрегіңді өз қолыңмен кеудеңнен суырғандайсың. Осындай жағдайда да ары қарай өмір сүруге тура келеді екен», – деп жазды әншінің әйелі.


Желі қолданушылары бірден бұл жазбаны қызу талқылап ерлі-зайыптының ажырасып кеткенін болжап жазды.


«Ажырасты ма?», «Не болған бұларға?», «Бәрі бітті ма енді», «Қара фото көрсек қорқатын болдық қой», «Әдемі әйелі бар, не жетпейді?», «Сенгім келмейді. Бақытты болыңыздаршы. Жақсы жұпсыздар», «Не болып қалды екен?», «Бір нәрсе болғаны анық», – деп жазуда көпшілік.


Айта кетейік, ерлі-зайыпты Instagram желісінде бір-біріне жазылмаған. Оған қоса олар бірге түскен суреттерін өшіріп тастаған.