Әзірбайжан Президенті Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебін түсіндірді
Фото: Minval.az
Әзірбайжан Президенті жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында құстардың қақтығысуы мен газ баллонының жарылысы Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты емесін айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Minval.az ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде болғанын алға тарта, Ильхам Алиев Ресей тарапынан кешірім сұрау мен күнәсін мойындау бойынша қадам күткен.
Еске салсақ, кейіннен 28 желтоқсанда Ресей кешірім сұрап, күнәсін мойындады. Әзірбайжан Президенті ұшаққа соққы қасақана жасалмағанын атап өтті.