Азық-түлікті облыс аумағында алу қаншалықты үнемді
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Алматыдағы инфляция облыстағыдан қарағанда 3,6%-ға жоғары. Бұл ретте сома 20%-ға айырмашылық көрсетуі мүмкін. Осыны байқап қалған алматылықтар қала шетіне барып, қажетті азық-түлігін алып келуді әдетке айналдырды. Taspanews.kz тілшілері қаладағы және ауылды жерлердегі баға қою саясатының ерекшеліктерін анықтады.
Freedom Finance Global жүргізген зерттеуге сәйкес, Алматыда азық-түлік пен сусынға кететін қаражат 11 пайызға өссе, облыста 7 пайызға ғана көтерілген.
Біз екі өңір тұрғындары жұмсайтын қаражаттың қайда бағытталатынын салыстырдық.
Қала тұрғыны азық-түлікке орта есеппен 49 321 теңге, облыс тұрғыны 33 799 теңге жұмсайды екен. Мәселе оның аз тұтынатынында емес, тауар құнында. Азық-түлікке жатпайтын тауарларға келсек, біріншісі 18 563 теңге, ал екіншісі 11 954 теңге жұмсайды.
Отбасылық бюджет көрінісін қарастырсақ, нағыз көрсеткіш шығады. Алматылық отбасы азық-түлік пен азық-түліктік емес тауарларға 3 айда 955 947 теңге немесе айына 318 649 теңге жұмсайды. Орта есеппен алынса да, көптік етеді.
Шығындарды үнемдеу үшін ең қырағы азаматтар азық-түлік пен киім-кешек сатып алу үшін қала шетіне, я болмаса облыс аумағына жол тарта бастады. Бұл тәсілмен 70 мыңға жуық қаражат үнемделеді.
Ет пен көкөніс алу үшін ауылға барсақ
Статистикалық мәліметтерден бөлек, баға айырмашылығы сату алаңдарында айқын білінеді.
Қазақстанда көбінде ет сатып алуға көңіл бөлінеді – бұл отбасының «азық-түлік» бюджетінің үштен бірін құрайтын шығыс. Осыдан облыс аумағында ет іздейтіндер баршылық. Мұнда бір келіге 300 теңгеден бастап үнемдеуге болады. Көбінесе жергілікті тұрғындар сиыр етін, одан кейін қой еті мен жылқы етін сатып алады.
Қазақстандағы отбасылар орта есеппен отбасылық бюджетінің 7 пайызын картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат алуға жұмсайды. Олар әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына кіргенмен, баға өсуіне бұл кедергі келтірмейді. Қала мен облыстағы көкөніс құнының айырмашылығы 30% - ға жетуі мүмкін.
Шығыны әсіресе байқалатын тағы бір өнім – жарма. Оған отбасы бюджетінің 16%-ы кетеді; Сүт өнімдері болса 11%-ды қажет етеді. Бұл ретте де үнемдеу үшін ауыл дүкеніне жүгінген жөн.
Freedom Finance Global зерттеуіне қайта оралсақ, тұтынушылардың мінез-құлқы ерекшеліктері келтіріледі. Көбінесе облыстағы базарларға елу жастан асқан қала тұрғындары барады екен. Олар аптасына бір рет тиімді бағалар үшін уақытын қиюға дайын екен.
Аймақтағы супермаркеттер неге арзан?
Жастар супермаркеттерді жөн көреді. Бұл жағдайда да облыс пен қаладағы бағалар түрлі болып келеді. Супермаркеттердің бір желісінде де тауар құнында айырмашылық байқалады. Taspanews.kz тілшілері бұл жағдайдың себебін білу үшін Magnum өкілдеріне хабарласты.
"Бағалар ғимаратты жалға алу құнына және тауар жеткізушілерге байланысты супермаркеттерде әртүрлі болуы мүмкін",
Олар коммерциялық құпияны алға тартып, жалға алу бағасының өнім құнына қаншалықты әсер ететінін айтпады.
Алматылықтар дүкен қала ішінде орналасқаны үшін ғана артық ақша төлеген болып шыққаны.
Қаладағы және облыстық аймақтардағы коммерциялық мақсатта шаршы метр құны 50% айырмашылық көрсетуі мүмкін.
Алматыда жалға беру бағасының жоғарылау үрдісі әлдеқайда байқалады. 2024 жылдың бірінші үш айында ол +3,2%-ды құрады, ал облыс аумағында бар болғаны +0,1 % болды. Бұл баға айырмашылығы одан әрі өсетінін білдіреді, азық-түлік себетінің құнына да әсер етеді.