«Бағың ашылсын»: Жанар Айжанова қызын туған күнімен құттықтады
Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova
Қазақстандық танымал әнші Жанар Айжанова қызы актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекованы туған күнімен құттықтады. Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы ресми парақшасында жазды. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Әнші қызына бар жақсыны тілеп, оның сегіз қырлы, бір сырлы екенін айтты.
«Тәтті қызым, туған күнің құтты болсын! Алла тілегіңді берсін! Бағың ашылсын! Назар адал жігіт болып өсіп, тек қуаныш сыйласын! Сен супер мамасың. Маған сендердің бақытты күндеріңді көріп, жаным рахаттансын. Бар қызықты бірге көруді нәсіп етсін! Менің сегіз қырлы, бір сырлы талантты ботам», – деп жазды әнші.