Балабақша меңгерушілері 35 млн теңгені жымқырған
5 балабақша меңгерушілері азық-түлік өнімдерін жеткізушімен бірігіп, ақша жымқырған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Балабақша басшылары сыбайластарымен ас мәзіріне керек өнімдерді көрсеткенде, толық жеткізілім туралы құжаттарда жалған мәліметтер келтірген.
Нәтижесінде 35 млн теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылды.
Меңгерушілер 2 және 3 жылдарға сотталып, мәжбүрлі еңбекке тартылды. Мемлекеттік қызметке тұра алмау белгіленді. Шешім жұмсартылған күйде белгіленді. Бұған себеп – келтірілген залалдың өтелгені және кінәні толық мойындау. Олардың кішкентай балалардың анасы екені белгілі болы, бұл да үкімге әсер етті.
Ал сыбайлас – азық-түлік өнімдерін жеткізуші бұрын да сотталған, алайда жазасын өтемеген. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол осы қылмыстық істің бастамашысы болған.
Үкім күшіне енді.