Балқашта әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары басталды

 фото на taspanews.kz от 04 июня 2024 11:53
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Балқаш облыстық әуежайында такси жолы мен перронды ауқымды жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Taspanews ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жұмыстың жалпы құны 3,8 млрд теңгені құрайды. Ведомствоның хабарлауынша, бас мердігер «ҚАЗАХДОРСТРОЙ» компаниясы ресурстарды жұмылдыруға кіріскен. Берілген тапсырмаларды орындау үшін көптеген арнайы техника мен инженерлік қызметкерлер тартылды.


Асфальт-бетон жамылғысын фрезерлеу (98%), такси жолының негізін демонтаждау (40%) және жол төсемін дайындау жұмыстары аяқталуда. Бетон жамылғысын төсеу ағымдағы жылдың 15 маусымында басталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, алдағы уақытта әуежай терминалын күрделі жөндеуден өткізіп, арнайы көлік қызметі ғимаратын салу жоспарлануда.


Көлік министрлігі әуежай инфрақұрылымын жаңғырту қала мен облыстың экономикалық өркендеуіне жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.


1967 жылы салынған Балқаш әуежайы соңғы рет 2007 жылы жөндеуден өткен.


Следите за новостями Taspanews