Балқаш көлінде орналасқан қонақ үйлерді «жалға беремін» деп ақша жымқырған алаяқ ұсталды

Алаяқтық үшін қамалды фото на taspanews.kz от 26 июля 2024 13:23
Фото: pexels.com

Жоқ үйлерді жалға берген алаяқ ұсталды. Ол Балқаш көлінің жанында қонақ үйлерді «жалға беретінін айтқан». Polisia.kz мәліметінше, Қарағанды облысынан келген алаяқ көптеген сенімді жалға алушыларды алдап үлгерген. 


23 жастағы әйел әлеуметтік желіде  «арзан бағаға қонақ үй жалға беремін» деп алдап, алушыларды қызықтырған. Жайлылық іздеген саяхатшылар көл көрінетін беттен  үйлерді жалға алу үшін алдын ала төлем жасаған. Олар алаяқтың шотына 20-дан 40 мың теңгеге дейінгі соманы аударды. Осындай алаяқтық құрбандарының бірі  жастағы Теміртау қаласының тұрғыны. 


Алайда алдын ала төлем ретінде 27 мың теңге жіберген «жалға алушы» «жалға берушінің» байланысқа шықпай қалғанын айтады.  Алаяқтыққа тап болған әйел бірден тәртіп сақшыларына хабарласқан. Күдікті кінәсін мойындады. Тергеу кезінде полицейлер қаскөйдің осы сияқты тағы 5 эпизодқа қатысы бар екенін анықтады. 


Следите за новостями Taspanews