Балқашта өрт салдарынан 30 тұрғын пәтерсіз қалды

Фото: Pexels

4 тамызда "Қоңырат" ықшам ауданындағы көппәтрлі тұрғын үй өртенді. 30 адам үй-жайсыз қалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Newtimes ақпараттық порталына сілтеме жасап.


Алдын ала мәліметке сай, өрт себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.


Қазіргі таңда тұрғындар №3 мектеп-интернатында орналастырылды. Әр отбасы әкімдік өкілінің қарауында делінген " Вечерняя Караганда " Телеграм арнасында. 


Зардап шеккендер жоқ.