Балқаштағы дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесі шешімін табуда

Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дәрігерлердің тапшылығы мәселесі шешіле бастады – аймаққа қазақстандық және шет елдік мамандар келуде, - деп хабарлайды Taspanews.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Балқаш қаласының ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Серікбол Түсіпбеков оқу бітіргеннен кейін заң бойынша 3 жыл белгіленген жерде жұмыс істеуге міндеттелген студенттер, Балқашта қалып жатпайтынын айтады. Қазіргі таңда ауруханада отбасылық дәрігерлер, инфекционистер жетіспеуде.
Аймаққа келген медицина мамандарына 5 млн теңге көтерме жәрдемақы беріледі. Балқашқа тартылған 30 дәрігерге өткен жылы үш және екі бөлмелі пәтерлер тағайындалды.
Сонымен қатар, ауданаралық аурухана басшылығы дәрігерлерді Израиль, Қазан, Түркия мен Мәскеуге жіберіп, оқытты. Аймаққа шет елдік мамандар да тартылуда.