«Бәрі қасымда, ешкімді тастаған жоқпын»: Айқын әйелін тастап кетті деп сөккендерге жауап берді

Фото: instagram.com/zhuldyzomirgali_official

 Қазақстандық танымал әнші Айқын Төлепберген әйелін тастап кетті дегендерге жауап берді. Желі қолданушысы оны бірінші әйелін тастап кетті деп сынға алды. Бұл туралы Taspanews.kz тілшісі хабарлайды. 


«Қазақстан аруы - 2013» байқауының жеңімпазы Айдай Исаева өнер иелерімен видео түсіріп, Instagram-дағы ресми парақшасына жүктеді.


Желі қолданушылары Айқын Төлепберген мен оның жұбайы Жұлдыз Өмірғалиды байқап, оларды жаппай сынға ала бастады.


«Айқын әйелін тастап кеткелі ұнамай қалды», «Келіншегін тастап кеткенде өзім де жылап алған едім», «Айқын мағанда ұнамай қалды. Балалы болып, жас қызға кетіп қалды. Тастап кеткен әйелінің бағы ашылсын. Бақытты болсын», «Айқын сол жағдайдан соң мүлдем ұнамай қалды. Әндерін тыңдамай кеттім», – деп жазды желі қолданушылары.


Айқын Төлепберген қатты сынға қалғаннан кейін оқырмандарға жауап беруді жөн көрген.


«Бәрі қасымда. Ешкімді тастаған жоқпын», - деп қысқа жауап қатты әнші.