«Бәрі ойдағыдай өтті»: Абай Бегейдің келіншегі көпшіліктің талқысына түскен қыз жасауы туралы пікірін бөлісті

Фото: instagram.com/fari__za__zhan

Қазақстандық әнші Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова көпшіліктің талқысына түскен қызының жасауы туралы пікірін бөлісті. Блогердің сөзінше, қыз ұзату оңай емес. Бұл туралы Taspanews.kz Фариза Жұманованың Youtube-тағы «Айтарым бар» подкастына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.   


«Ұлды үйлендіргеннен гөрі, қыз ұзату қиын екен. Бірақ бәрі ойдағыдай жақсы өтті. Оңай емес шынымен. Себебі мен жаспын. Менің жасыма мұндай мәртебе оңай емес. Үшінші рет құдағи болып отырмын. Қыз ұзату оңай емес екен. Біреу қыз ұзатып жатса, «көріп тұрады ғой, несіне қиналады»  деген ой болатын. Бірақ өз қызың кеткенде сол күйді сезіну қиын», – деді Фариза Жұманова.


Фаризаның айтуынша, әншінің үлкен қызы Еркенің де жасауы осындай болған.


«Негізі, күйеуімнің ең үлкен қызы Ерке ұзатылған кезде оның жасауын дәл осындай, тіпті асырып жинап берді. Бірақ ол кезде Instagram қатты танымал болмағаннан кейін білінбей қалды. Осы жолы мен де, үлкен қызымыз да, келінім де блог жүргізгендіктен, жасау қатты танымал болып кетті. Контент үшін жан-жақтан салдық. Жалпы, Ақтау жақта кез келген қыздың дүниесін сондай етіп жинайды екен. Сымбаттың өзіне керек дүниелерді ғана бердік. Ысырап болатындай артық нәрсе жоқ. Олар төрт жыл бойы Алматыда бөлек тұратындықтан, өзі қолданатын заттарын ғана жинадық», – деді желі жұлдызы. 


Пост из социальной сети