«Барша Қазақстанға жұлдыз қылды»: Баян Алагөзова Талғат Теменовтен кешірім сұрады

Баян Алагөзова фото на taspanews.kz от 28 октября 2024 15:09
Фото: Бағдарламадан скриншот

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова режиссер Талғат Теменовтен кешірім сұрады. Баян Алагөзованың еңбек жолы Теменовтің «Махаббат станциясы» фильмінен бастау алған еді.


Продюсер «Din Dina show» подкастында Дина Төлепбергенге сұқбат беріп, қателігін түсінгенін айтты.


«Мен Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Бір сәтте Орал қаласынан шыққан кішкентай Баянды барша Қазақстанға танымал жұлдыз қылған еді. Мен «Махаббат бекеті» фильміне түсіп берден танымалдылыққа ие болдым. Кейін арамызда түсініспеушіліктер болды. Ол фильмнің жалғасын түсіргісі келген кезде «Мен киноға енді түспеймін», «Сіз маған енді керек емессіз» деп қатты айтып қойдым. Талғат Теменов менің алғашқы ұстазым әрі көп нәрсені сол кісіден үйрендім. Реті келіп тұрғанда, сол кездегі қатігездігім үшін одан кешірім сұрағым келеді», – деді Баян Алагөзова. 


Следите за новостями Taspanews