Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілді
Фото: Аудан әкімдігі
Бөрлі ауданы Қарашығанақ және Успен ауылдық округтерінде су құбырының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz аудан әккімдігіне сілтеме жасап.
Ашылу салтанаты Успен ауылдық округінде өтті.
Су құбыры құрылысы мамыр айында басталған. 567,1 млн теңгелік құрылыс нәтижесінде 2 таза с резервуары бар. Сыйымдылығы 100 текше метр. Су мұнарасы сыйымдылығы – 25 текше метр, биіктігі 15 метр.
Фото: Бөрлі ауданы әкімдігі
“Су құбыры тартылғанға дейін тұрғындар ауыз суды ауыл көшелерінің бойында орнатылған су бағандарынан таситын. Әсіресе, егде адамдарға оңай емес болған”,