Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы 40 мұғалімнің құқығын қорғады

Pexels фото на taspanews.kz от 07 апреля 2025 11:47
Фото: Pexels

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы прокуратурасы 40 мұғалімге қатысты аудандық білім басқармасының заң бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


2024 жылы Шыңғырлау ауданының білім басқармасы осы мұғалімдерге 2,4 млн теңге көлемінде жұмыс бабымен шығатын жол ақысын төлемеген.


Прокуратураның ұсынуы бойынша қаражат толықтай төленді, кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


"Еңбек кодексінің 127-бабының 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес іссапарға жіберілген қызметкерлерге: іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер,баратын жеріне дейінгі және керіқайтқандағы жол жүру шығыстары, тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді", – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews