Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы аутист азаматты бесінші күн іздестіруде

Фото: Батыс Қазақстан полиция басқармасы

Аутизм дертіне шалдыққан жас жігіт өткен бейсенбіде жоғалып кетті, деп хабарлайды Taspanews «Мой город» порталына сілтеме жасап.


Жоғалған адамның аты-жөні Игорь Исраилов. Жас жігіт Рубежинское ауылында тұрады. Өткен бейсенбіде Игорь үйінен кетіп қалды, содан бері олар оның қайда екенін анықтауға тырысуда. Жоғалған адам туралы ақпаратты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқан облыстық полиция департаменті растады.


Бейсенбі күні жас жігіт қара футболка, көк-жасыл шорт және көк кроссовка киген. Бойы 1,8 метрдей, арық денелі, аққұба, шашы қысқа.


Taspanews.kz хабарлағандай, жуырда Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы аутист бала іздестірілді. Өкінішке орай, оның денесі жоғалып кеткеннен кейін төрт күннен кейін өзеннен табылды.