Батыс Қазақстан облысында білім беру мекемелері қызметкерлері жауапқа тартылды
Фото: Pexels
Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында заң бұзушылықтар орын алған, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Еңбек қатынасы саласында анықталған бұзушылықтар бойынша 30 лауазымды тұлға тәртіптік, 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қызметкерлердің ұжымдық шартпен таныспағаны, еңбек шартын бұзу кезінде белгілі бір нормалардың сақталмауы салдары осындай болды.
Мұны Жәнібек ауданы прокуратурасы байқап, тексеру нәтижесінде анықтады.
"Мысалы, Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кәмелетке толмағандар арасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамызындағы №348 бұйрығы талаптарына қайшы «Өмір қауіпсіздігі негіздері» бойынша міндетті сабақтар жүргізілмеген",