Батыс Қазақстан облысында бірнеше рет мал ұрлығына қатысты болғандар ұсталды

Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы тұрғындары мал ұрлығы бойынша күдікке ілінді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Күдіктілер өз ауылдасының екі сиырының сойылған етін көлікпен тасу барысында ұсталды.


Жедел іздестіру шаралары аясында ұрылардың бірі осыған дейін 3 рет бөтеннің мүлкін иеленгені белгілі болды. Ол мал еттерін сатып, терілерін Сары өзек өзені арқылы ағызып жіберген.


Тағы бір қылмыскер малшы болып жұмыс істеп жүріп, ұқсас іс-әрекетке барған. Ол жұмыс істеген қыстауының маңында ұрланған малдың басы, терісі мен басқа да бөліктерін жерлеп келген.


Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Процестік шешім қабылдау үшін материалдар сотқа берілді.