Батыс Қазақстан облысында есепте тұрған науқастар тегін дәрі-дәрмек ала алмай келген

 Pexels фото на taspanews.kz от 31 марта 2025 11:16
Фото: Pexels

Батыс Қазақстан облысының жергілікті прокуратурасы Ақжайық аудандық ауруханасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпегенін анықтады, - деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Жүргізілген талдау барысында диспансерлік есепте тұрған 700-ден астам науқас өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті ала алмай келгені мәлім болды.


Прокуратураның қадағалау шарасымен дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Дәрі-дәрмекке алдын ала тапсырыс берілді.


Следите за новостями Taspanews