Батыс Қазақстан облысында қаупіті химикалық заты бар жүк көлігі аударылған

Фото: ҚР ТЖМ
14-15 қаңтарға қараған түні Батыс Қазақстан облысында Беларусь Республикасынан тасымалданған 21 тонна химиялық зат жүк көлігінен құлаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Химиялық зиян зат – тетрагидрофуранды тасымалдау радиациялық қауіпке себеп бола жаздады. Көлік Бәйтерек ауданында жүк көлігі жолдан шығып кетіп, ішіндегі сұйықтығы бар ыдыстар аударылған.
Зиянды заттар сыртқа төгілмеген, алайда ТЖМ қызметкерлері ағып кету фактісінің бар-жоғын, ал радиациялық-химиялық қызмет химиялық заттардың ауада шоғырлануын өлшеді. Қауіп-қатер болмағаны анықталды. Жүк қайта тиеліп, тасымалдау жалғасты.