Батыс Қазақстанда 43 балабақша қызметкерінің құқықтарын қорғалды

Фото: Pexels
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы «Балдырған» балабақшасының 43 қызметкерінің құқығы қорғалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Прокуратура 43 балабақша қызметкеріне 8 ай бойы төленбеген 26 млн теңге көлеміндегі міндетті төлемдерге қатысты заң бұзушылықты анықтады. Берешек толығымен өтеліп, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.