Батыс Қазақстанда ғаламтор арқылы алаяқтықпен айналысқандар ұсталды

Фото: Pexels

Батыс Қазақстан облысында жеке дерек ұрлаған алаяқтар ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Екі күдікті заң бұзушылықты жалдамалы пәтерде іске асырып келді. 28 және 29 жасар ер адамдар онлайн-платформа арқылы адамдардың сеніміне кіріп, тұлғалардың жеке басы туралы ақпараттын және қаражатын иемденді. Алаяқтардың іс-әрекетіне сеніп, күмән келтірмеген тұрғындар нәтижесінде 1 миллион теңге шығынға тап болды. Күдіктілердің тұрғын үйінде тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.Екі күдікті бұрынырақ ұрлық жасағаны бойынша сотты болғаны туралы мәлімет келтірілді.