Баян Мақсатқызының күйеуі 55 жас мерейтойын дүркіретіп тойлады
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Қазақстандық танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынғали Алагөзов 55 жасқа толып, дүркіретіп атап өтті. Кештің қалай өткенін Мақсатқызы Instagram-дағы ресми парақшасында көрсетті. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Алагөзовтың туған күніне жақындары мен достары және өнер иелері де келді. Одан бөлек Raim мен Ерке Есмахан, Аша Матай, Тамара Асар, Дильназ Ахмадиева мен Динара Сәтжан сынды танымал тұлғалар продюсердің қуанышын бөлісті.
Баян Мақсатқызы жолдасын туған күнімен құттықтап тойдың видеосын жариялады.
«Макси күйеу! Макси әке! Макси ұл! Макси бастық! Макси еркек! Туған күніңмен», – деп жазды ол.
Пост из социальной сети