Баянауыл ұлттық табиғи паркіне кіру үшін төлем өзгерді
Фото: Gov.kz
Баянауыл ұлттық табиғи паркінің бақылау-өткізу бекетінде төлем жасау тарифі өзгерді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.
7-ақпаннан бастап паркке кіру үшін күніне алынатын төлем келесі:
Жаяу жүргіншіден 590 теңге, жеңіл көлікпен кірген жүргізушіден 1573 теңге, 16-орынға жетпейтін автобустар мен жүк көліктері үшін – 7864 теңге, автобуста орын саны 32-ге дейін болса – 11 796 теңге, 32-ден жоғары болса – 19 660 теңге төлем алынады.
Көрсетілген төлем бағалары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен бекітілді.