Беларусь СІМ-нің басшысы елдің ШЫҰ мүшелігіне кіру туралы сөз сөйледі

Фото: Ақорда

Беларусь мемлекетінің Сыртқы істер министрі Максим Рыженков елінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кіруі туралы айтты. Бұл маңызды оқиғада Қазақстанның рөлі ерекше атап өтілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24kz-ке  сілтеме жасап.


Рыженков Беларусь үшін қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту, негізгі көлік бағыттарын дамыту және ШЫҰ мемлекеттерімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту басымдық танытатынын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанмен қарым-қатынастың дұрыс бағытта дамып жатқанын баса айтты.


"Біздің мүшелігімізді ресімдеу біздің өте жақын достарымыз – қазақстандық тараптың төрағалығы кезінде орын алғанына өте қуаныштымыз. Әрине, біз осы ұйымға өз атымыздан жаңа серпін қосуға қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді министр.