Белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті
Фото: instagram.com/kurmanai_bahtiyarkyzy
Қазақстандық танымал ақын Құрманай Бақтиярқызы бақилық болды. Қаралы хабарды продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы ресми парақшасында жеткізді.
«Жаным Құрмашым, әлі сенер емеспін, жақсы адамым! Жаның жәннатта болсын! Жақында ғана Құрмашым телефон соғып, дауысы саңқ ете қалды: Гүлім менің…, саған арнап жаздым ватсабыңды оқышы деп, жіберіп еді, қоштасқың келіп, айта-айта жүрсін дедің ба екен», - деп жазды ол.
Пост из социальной сети
Айта кетейік, бұған дейін ақын Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатқаны хабарланған болатын. Бұл туралы эстрада әншісі Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.