Белгілі сазгер Ибрагим Дәрібаев өмірден өтті

Фото: Ашық дереккөзден

«Дәрібаевтар отбасы» ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев қайтыс болды. Бұл туралы Taspanews.kz композитор Бекжігіт Сердәлінің Facebook-тағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Ол марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.


«Қазақ эстрадасында «Жас жұбайлар», «Аман бол», «Оқ сияқты», «Нұрлы арман», «Айтшы жаным», «Сендей болмайды», «Сүйгеніме» сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым! Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазды ол.