Бельгиядан Алматыға қауіпті қылмыскер қайтарылды

 фото на taspanews.kz от 03 июня 2024 15:44
Фото: Midjourney

Аса қауіпті қылмыскер Алматыға Бельгиядан қайтарылды. Алматы криминалдық полициясының мәліметінше, 63 жастағы қазақстандық азамат 1997 жылы маусымда Новосибирскіде жерлесін тонап, өлтірді, - деп хабарлайды Taspanews ҚР Ішкі істер министрлігінің портына сілтеме жасап.


Ұрланған мүлікті қайтару үшін туыстары 100 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуге мәжбүр болған. Бұл ауыр қылмысты бір топ адам алдын ала дайындалған жоспар бойынша ұйымдастырғаны анықталды.


— Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, әртүрлі мерзімге жазаға кесілді. Сот органдарынан қашып кеткен олардың біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені анықталды. Алматы қалалық прокуратурасының келісуімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды» Қуатбек Науатов

Следите за новостями Taspanews