Бейнеу ауданында 3 биге арнап арнайы ескерткіш орнатылды

Бейнеу ауданы әкімінің аппараты фото на taspanews.kz от 29 января 2025 11:53
Фото: Бейнеу ауданы әкімінің аппараты

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билердің ескерткіші орнатылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz аудан әкімдігі аппаратына сілтеме жасап.


Аудандық сот ғимаратының алдында орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатына аудан әкімі қатысты. Жиын соңында мерекелік шара ұйымдастырылды.


«Сонымен қатар, аталған жиынға ардагерлер кеңесінің төрағасы Шайхы Азанов, мәслихат төрағасы Ардақ Бораш және аудандық сот төрағасы Еркебұлан Аппасов қатысып, аудан тұрғындарын жаңа бюсттің ашылуымен құттықтады»,  – делінген хабарламада.


Следите за новостями Taspanews