Бейнеу ауданында электр энергиясына тариф негізсіз артқан

Pexels фото на taspanews.kz от 10 февраля 2025 17:34
Фото: Pexels

Бейнеу ауданы прокуратурасы "Бейнеу-энергосервис" МКК тарапынан электр энергиясына қосылу бағасының заңсыз көтерілуін анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Осылайша, "Ермағанбетова" жеке кәсіпкерінен 380 вольттық электр желісі үшін бақыланбайтын шығындар есебінен 70 мың теңге алынды. Осыған ұқсас жағдайларға тұрғындар мен кәсіпкерлер де тап болды.


"Прокуратураның қадағалау актісі негізінде электр энергиясына қосу шығындары қайта есептелді: тұрғындар үшін қосылу құны 36%, ал кәсіпкерлерге 61% (380 вольт) және 52% (220 вольт) төмендетілді. Сонымен қатар кәсіпорын басшылығы тарифтердің негізсіз көтерілгені үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды",


–ҚР Бас прокуратурасы.


Следите за новостями Taspanews