«Біреулер қастықпен өлтірді»: Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды
Фото: Ашық дереккөзден
Танымал композитор, марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлы қайтыс болды. Суық хабарды Мақпал Жүнісова Instagram-дағы ресми парақшасында айтты. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Халық әртісінің сөзінше, Дүйсеновтің ұлы Абылай кісі қолынан қаза тапқан. Әнші «қылмыскер жазалансын» деп отыр.
«Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын! Өлтірген адамды тауып,жазасын беру керек. Айсұлу, айналайын, Алла сабыр берсін. Кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына , қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды әнші.
Taspanews.kz редакциясының ұжымы атынан марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.
Пост из социальной сети