«Біртүрлі сезімде болдым»: Бүркіт енесіне көлік сыйлап, жары туралы жантебірентер жазба қалдырды

Видеодан скриншот фото на taspanews.kz от 23 сентября 2024 15:49
Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

Қазақстандық танымал әнші Айбек Жансейітов келіншегінің анасына көлік сыйлады. Әншінің бұл ісі желі қолданушыларын тәнті етті. Бұл туралы Taspanews.kz Айбек Жансейітовтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Жұлдызды жұп көлікті өз үйлерінде табыстаған. Алдымен Бүркіт енесіне гүл сыйлап, кейін көліктің кілтін табыстады.


«Мен жұбайымнан әлі көп нәрсе үйренуім керек екен. Сахнада екеуміз жүрген соң, бұл Аишаның өз анасына сыйы. Иә, түсінемін, үй иесі мен болғанмен, анасы ғой. Мен «бұл қызыңыздың сізге сыйлаған сыйы» деп айттым. Аишанікі не деген қарапайымдылық десеңші. «Жоқ, бұл Айбек жасаған сыйлық, нақты өзінің бастамасы» деп шетте тұр. Мен біртүрлі сезімде болдым, шынымды айтсам… Басқа адам болса, «да мама , это мой тебе подарок» деп кеудесін қағар еді. Аллаһыма маған осындай жар сыйлағанына рахмет! Жұмада жасаған игі ісіміз. Сондықтан, мен жұбайымнан әлі де қарапайымдылыққа үйренуім керек екен деген шешімге келдім», - деп жазды ол.  


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews