Бишімбаев ісі қайта қаралуда: апелляциялық сот басталды

Фото: ҚР Жоғарғы Соты

"Жасағаны үшін жазалансын, алайда айып дұрыс тағылсын", деп дабыл қағуда Бишімбаевтің қорғаушылары. Апелляциялық сот ісі сотталушы жақтың арызымен басталды,- деп хабарлайды kaz.taspanews.kz.


Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-да Бишімбаев ісі бойынша апеляциялық соттың бірінші отырысы басталды.


Бірінші кезекте сотталушы Бишімбаевтің қорғаушылары шешімімен келіспеушіліктерін білдірді. Ең басында Ерлан Ғазымжанов сөз сөйлеп, соттағы 20 заңбұзушылықты тізіп шықты. Қорғаушы үкімге өзгеріс енгенін немесе күші жойылғанын, соңынан қайта қаралғанын өтінді. Өз апелляциясында қылмыстық заңнаманы бұзу жайттары орнағанын атап өтті.


- Сот арнайы Салтанаттың отбасына қорғау болатын жақтас алқа билерді таңдаған. Протоколда Бишімбаевтің балаларымен жасты ұлдары бар 4 адамды іріктеуден шығарған, алайда бұл тек протоколда ғана жазылған. Түптеп келгенде, ол кандидаттар өздері мүшеліктен бас тартыпты. Сонда орын алмаған фактті протколға енгізген.

- Салтанат Нүкенованың тергеу кезінде ұялы телефонын зерттеу үшін өтініш білдіргенбіз. Ол қанағаттандырылмады. Телефонды сот кезінде ғана бірден ашты. Ал біз оған дайын болмадық. 

- Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкеноваға жұмыс істеуге тиым салу-салмағаны зерттелген кезде біз сот Айжан Құлбаеваға бір сұрақты басқаша қоюды ұсындық. "Ақша табу" емес "қаржы иелену" деген сөзді қолдануын сұрадық. Бұл оның материалдық тәуелділікте болмағанын көрсетер еді. Себебі еңбек есебінен ақша табу мен ақшаның басқа көздерден келіп түсуі қатысушыларға, алқа билерге екі түрлі түсініік береді. Тағы Наргиз клиент атты адаммен хат жазысып тұрғандығынын да көрсете алмадық. Оның неке кезінде мамандық аясында қызмет атқарғанын дәлелдейтін едік. Яғни оның клиенттері болған.

- Біз Салтанат Нүкенованың WhatsApp қосымшасындағы хаттарын көрсеткіміз келді. бірақ сот Айжан Құлбаева бұл қосымшаның жаңартылып жатқанын айтты. Бірнеше сот отырысында осылай өтінішіміз қабылданбады. Келесі жолдары "маған ол материалдарды көрсетуге өтінішті қағаз түрінде жібермедің" деді. Бірақ мен 10 сәуірде жіберіп қойған ем. Телефоннан тек жеке жазба - монологтері қаралды. Ал біз болсақ, Қуандық Бишімбаевпен, достарымен хат жазысқанын зерттегіміз келді. Осыған орай біздің өтінішті қабылдамау туралы заң бұзушылыққа көңіл аударғымыз келеді.

- Бізге эксперт Халимназаровқа толыққанды сұрақ қоюға мүмкіндік берілмеді.

- Сот аясында жүргізілген экспертизаның бірнеше нұсқасы болды. Бірінші экспертиза Салтанаттың өздігінен құлап қалуы, қабырғаға соқтығысқанын растамаса да, жоққа шығармайды. Ал Халимназаров оның бәрін жоққа шығарды және мұндай жарақаттар тек қана жұдырыққа жұмылған қолдың соққысынан немесе туфлі киілген аяқ киіммен тепкеннен болуы мүмкін дейді. Халимназаров барлық фактілерді бұрмалап, жалған қырынан көрсетті. 

- Сот басталған соң біз тағы да шетелдік эеспертиза сұраттық, бірақ сотта дайын қорытындыны оқуға жол берілмеді. Шетелдік емес, қазақстандық экспертті іске тарттық. Ол маманның экспертизасын да сот іске қоспады. Оған себеп - Рамазанованың экспертиза болған кезде Астанада болмауы. 

- Келесі кезекте Бишімбаевтың қамауда жатқандағы кезінде көршілес сотталушымен сөйлескен аудиосын тыңдатқымыз келді. Бұл өтінішке сот Айжан Құлбаева әлі аудиоматериалдарды тыңдауға көшпегендігін айтты. Алайда, кейінгі отырыстың бірінде прокурор стенограммасын оқып шықты. Өз интонациясымен, эмоциясымен жұртты қарсы қойып оқыды. Ал біз болсақ, Бишімбаевтің өзінің эмоциясын көрсеткіміз келген. Ол аудиода өкінетінін айтып, жылап, ұрып-соқпағанын жеткізген.

- Насырбекова мен Жаксыбаевадан жауап алғымыз келді. Алайда, бұл өтінішіміз де қанағаттандырылмады. Прокурорға болса бұл мүмкіндік берілді. Соның өзінде тек Насырбекова ғана сұралды. Осыған орай, біздің ойымызша, сот Айжан ҚҰлбаева зардап шеккендерді жақтап, бізге қарсы тұрды. Егер екі жаққа да нейтралды қарай алмаса, ол неге сот өткізуден бас тартпады? "Өзін-өзі алшақтату" керек еді.

- Дәлелдерді зерттеуден себепсіз бас тарту орын алды. Яғни, біздің көптеген өтініштеріміз қабылданбағандықтан, біз толыққанды дәлелдерді зерттей алмадық.

- Қуандық Бишімбаевтың телефонын біз сот барысында, көпшілік ортасында қарағымыз келді. Сондықтан, сотқа телефонды ашатын құпия сөзді алдын-ала бергіміз келмеді. Телефонмен біз жоқта не боларын кім білер. Алайда, "бермесең - түрмеге отырасың" дегендей сезіндік өзімізді. Сол үшін бердік. 

- Сот кезінде біздің сөз бөліне берді. Ойымызды дұрыс айта алмадық.

- Сот қаралу барысында бізге Бишімбаевқа берілетін жаза уақыты туралы сөз қозғамау бұйырылды, бірақ отырысқа келген көрермендер "Өмір бойына жазалаңдар" деген жазуға ешкім қарсы болмады.

- Алқабилерге қойылатын сұрақтарға біршама өзгерістер енгізілуін сұрадық. Ол да жүзеге аспады.

- Бишімбаевтың жедел жәрдем шақырмағанына еш дәлел жоқ. Байжанов екеуінің қасақана бәрін ұйымдастырғаны туралы да болжамға еш негіз жоқ.

- 15 жылдан аса жаза беру үшін алқа билердің 8-інен астамы Бишімбаевқа қарсы болу керек еді. Ал біз дауыс беру нәтижелеріне куәгер бола алмадық. Бізден неге ол жасырылды? Ерлан Ғазымжанов

Ерлан Ғазымжанов алқа билердің іріктеуі алдында олардың тізімін ала алмағанын айтса, Лейла Рамазанова мен Назкен Құсайынова қосымша экспертизаның Салтанат Нүкенованың денесін тікелей зерттелмей жасалғанын, сот Айжан Құлбаева сотталушыға қарсы бағытталған сөз тіркестерін қасақана қолданып, өз позициясын өзгелерге үгіттегенін айыптады.


Қорытындылай келе, Бишімбаевтің қорғаушылары "азаптау мен қасақана өлтіруді" қоспағандағы өзге баптар бойынша үкім шыққанын немесе істің қайта қаралуын мақсат етуде. 


"Жасаған ісі үшін жазалансыз, жасамағаны үшін айыпталмасын" – деп сөзін аяқтады арыз беруші жақ.