Бишімбаев пен Байжанов апелляциялық соттан жеңіліп қалды

ҚР Жоғарғы Соты онлайн трансляциясынан скриншот фото на taspanews.kz от 26 июня 2024 21:09
Фото: ҚР Жоғарғы Соты онлайн трансляциясынан скриншот

Сотталушылардың үкімдері сол қалпында қалды. Істі үш судья қарады – екі әйел мен ер адам. Бұған дейін экономика министрді қызметін атқарған Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары бірінші сатыдағы 20 заңбұзушылықты атап өтті, алайда сот алқасы бұл дәлелдермен келіспеді. Сотталушылардың үкімдері күшін жоймады, – деп хабарлайды Taspanews.


Қорғаушы Ерлан Ғазымжанов айыптауды ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша «аса қатыгездікпен кісі өлтіруден" ҚК-тің 106-бабының 3-бөлігіне "абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге" ауыстыруды талап етті. Ал "Азаптау» бөлігіндегі істі қайта қарауға жіберуді дұрыс санайтынын жеткізді.


Аппеляциялық сот аяқталған соң сөз сөйлеу құқығы Қуандық Бишімбаевтың анасына берілді, алайда ол бас тартты. Ал экс-министрдің өзі шағын ойын білдірді:


«Мұның бәрі шынымен де солай болды. Маған және менің тарапыма дәлелдеулер ұсынуға мүмкіндік берілмеді. Бізге көптеген материалдармен танысуға рұқсат етілмеді. Шындық ешкімге қажет емес, шешім алдын ала шығып қойған».

Кісі өлтіруді жасырғаны үшін сотталған оның туысы – Бақытжан Байжанов үкіммен мүлдем келіспейтінін және заңсыз сотталғанын мәлімдеді.«Үкімнің толық күшін жоюды және істі жаңа сот талқылауына жіберуді сұраймын», – деді ол.


Өз кезегінде Салтанат Нүкенованың ағасы, қорғаушылары және прокурорлар сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қанағаттандырусыз, үкімдерін өзгертусіз қалдыруды өтінді.


Сот алқасы сотталушы тараптың дәлелдерімен келіспейтіндігін білдірді. Үкімдер сол қалпында қалды.


Следите за новостями Taspanews