Бишімбаев пен Байжановтың өтініштері онлайн режимде қаралатын болады
Фото: Сот трансляциясынан кадр
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот процестерін онлайн трансляциялау тәжірибесін белсенді түрде енгізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Taspanews.kz порталы соттың Telegram-каналына сілтеме жасап
Апелляциялық сотқа Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Судьяның ағымдағы жылдың 11 маусымындағы нормативтік-құқықтық актісінде іс 26 маусым, сәрсенбі күні сағат 10.00-де қаралатыны көрсетілген.
Бұл процеске қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, Жоғарғы Сот апелляциялық сот отырыстарын онлайн трансляциялауды жалғастыру туралы шешім қабылдады. Процесс тікелей эфирде өтеді.
Аталған сотқа қатысты барлық қосымша ақпараттар Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі парақшаларында дер кезінде жарияланатын болады.