Бишімбаевтың бұрынғы әйелі стресс кезінде сұлулықты сақтау туралы бранч өткізбек
Фото: Instagram nazymkakharman
Назым Қаһарман 2 және 30 қарашада стресс кезінде сұлулықты сақтап қалудың амалымен бөлісетін бранч өткізеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz nazymkakharman инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
"Hello Stress! Стресс кезінде сұлулық пен денсаулықты қалай сақтауға болады" атты тақырып бранч – яғни таңғы ас ішу барысында, үстел басында талқыланады.
2 қарашада бранч Астанада, ал 30 қарашада Алматыда өтеді.
Әңгімелесу барысында ол қиын кезеңдерде қалай әдемі, әрі сау болу, өзіңді-өзің қолдау тәсілдерімен бөліспек.
“Жәбірленуші рөліне түсудің орнына, біз адамға күш және сенім ұялататын өзіне-өзі көмектесу стратегияларын талқылаймыз”,