Бишімбаевтың ісі Жоғарғы Сотқа келіп түсті

Фото: Жоғарғы сот

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі Республиканың Жоғарғы сотына келіп түсті, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚР ЖС Сот кабинеті" сайтына сілтеме жасап.


Оқиға 5 тамызда жаңа сипат алды. Іс тағайындалған судьяның қарауына берілді.. Бишімбаевтің қорғаушысы Назкен Құсайынова үкімге екінші рет қарсы болып, аппеляция берді. Ол бұрынғы министр шыққан үкіммен келіспейді және оны әділетсіз деп санайтынын айтты.


Еске салсақ, оқиға өткен жылдың 9 қарашасында Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайы Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді деген айыппен қамауға алынған кезде басталған. Маусым айының екінші жартысында сот оны ерекше қатыгездікпен және азаптаумен қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, бұрынғы министрді 24 жылға бас бостандығынан айырды. Шілде айында Бишімбаев Аршалы кентінде орналасқан қатаң режимдегі колонияға жіберілді.


Бишімбаевтің інісі Бақытжан Байжанов та айыпталушылар қатарында болды. Сот оны қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Тергеу сонымен қатар Бишімбаев он алты жылдық жазасын өтегеннен кейін 2040 жылы ғана шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алатынын анықтады.


Қорғаушылар бірінші сатыдағы сот процесінде жиырмаға жуық іс жүргізу кезінде қателіктер жіберілгенін айтып шағымданды, бұл апелляция беру үшін негіз болды дейді. Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина атап өткендей, апелляциялық шағымдарды қарау көп уақытты қажет етеді, бұл ұзақ сот отырыстарына ұласуы мүмкін.