Биыл қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады

Фото: Pexels
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттер ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса, Рамазан айы басталатын күнді белгіледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Muftyat.kz сілтеме жасап.
Қасиетті ай 1 наурызда бастауын алады. 26-27 наурыз аралығында Қадір түні болады. 30-наурыз – Ораза айт күні.
«Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді»,
Намаз және ораза кестесін Muftyat.kz сайтынан табуға болады.