Биыл күзде Қазақстанда ҰҚШҰ жаттығулары өтеді

 фото на taspanews.kz от 03 июня 2024 14:04
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда күзде ҰҚШҰ елдерінің екі оқу-жаттығуы өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Taspanews Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінің екі ірі оқу-жаттығуын өткізу жоспары барын мәлімдеді.


«Ұйым төрағасы ретінде біз ҰҚШҰ күштері мен құралдарын басқару органдары мен құрамаларының жедел және жауынгерлік дайындығын арттыру бойынша бірлескен шараларды уақтылы жүзеге асыруға басымдық береміз. Біз ағымдағы жылдың күзінде Қазақстан аумағында ҰҚШҰ-ның «Мызғымас бауырластық-2024» және «Скала-2024» оқу-жаттығуларына белсенді түрде дайындалып жатырмыз» Қасым-Жомарт Тоқаев

Следите за новостями Taspanews