«Біз қосылған жоқпыз»: Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен қосылғанын жоққа шығарды

Фото:instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

   Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен қосылды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Taspanews.kz әншінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Өнер иесі бұрынғы күйеуімен түскен фотосын жүктеп, көпшілік айтып жүрген алып-қашпа сөздердің нүктесін қойды.


«Біз қайта қосылған жоқпыз! Бірақ дәл осы адамның баласын дүниеге әкелгеніме қуанамын. Ол ең дана, шығармашыл адам! Оның бойында маған ұнайтын қасиетт ер өте көп. Біз жұбымызды сақтап қала алмадық. Бірақ оның сүйіктісінің жолы болары анық. Әзілхан, саған бар жақсылықты тілеймін. Сені бауырымдай қатты жақсы көремін», – деп жазды әнші.  


Пост из социальной сети