БҚО тұрғыны тергеудегі күйеуіне 5 мың теңге алып кірмек болған

Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында тергеу изоляторындағы ер адамға әйелі азық-түлікпен бірге 5 мың теңге алып кірмек болған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Ол үстіге арналған киім жағасына оралған 5 мың теңгені тігіп, дайындаған. Содан соң, әкімшілік жаза туралы ескертулерге қарамастан жасырын алып кірген. Бұзушылықты режим және күзет бөлімінің қызметкерлері байқап қалып, алдын алған. 


"Бұл факт бойынша әкімшілік хаттама жасалды, бұл бұзушылық үшін ескерту немесе әкімшілік айыппұл салынады, бірақ бұл тек бірінші рет болғандықтан. №74 мекемеге барар алдында қала тұрғынына тыйым салынған заттар табылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді", – деді мекеме басшысы орынбасары С.Қойшыбаев.