Блогер Damelya Sweet өз туған күнінде әкесіне су жаңа көлік сыйлады
Жастар арасында кеңінен танымал блогер Damelya Sweet өз туған күнінде әкесіне көлік сыйлады. Бұл туралы Taspanews.kz Damelya Sweet-тің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәмелі көпшілік алдында әкесіне су жаңа көліктің кілтін табыстады. Ол әкесіне Mersedes Gelandewagen сыйлады.
«Менің әкемнің түрі суық болғанымен, жүрегі өте жұмсақ. Жұмыстан үнемі маған тәттілер алып келетін. Мен қиналған сәттерде маған қалай қолдау білдірерін білмейтін. Бірақ мен әрқашан әкемнің дұғасында екенімді білдім. Шетелге оқуға кетіп бара жатқанда, "Қызым, саған сенеміз! Не істесің де өзің біл" деді. Мақсатыма жете алмай, қайтып келгенде де қолдауын аямады. Қандай қателік жасасам да, "Адам болғасын қателесесің" деп жұбатты. Үнемі анама қымбат сыйлық жасайды екенмін. Әкеме де беріп жатсам, "Қой, ондай қымбат сыйлығың керек емес" деп бас тартады. Бүгін туған күнімде әкеме көлік сыйлаймын. Негізі оның туған күні 24 тамыз болатын. Отбасы жағдайына байланысты дәл туған күнінде бере алмадым. Әке, бәріне рақмет», – деді блогер.