Блогер қаза тапқан әскери қызметкерлер туралы жалған ақпарат тарату бойынша айыпталды

Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде әскери қызметшілердің қайтыс болғаны туралы бейнеролик жариялаған Ақмола облысының блогері кінәсіз деп танылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Судья блогердің кінәсін дәлелдеуге фактілердің жеткіліксіз екенін айтып, істі жауып тастады. Айыптаушылар ер адамды жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартуға тырысты (ҚР ӘҚБтК 456-2-бабының 3-бөлігі).


"Полиция хаттамасында ол қоғамдық тәртіпті бұзуы мүмкін деректерді жариялады деп мәлімдеді. Алайда, сотта бейнероликтің ресми дереккөздерден алынғаны және ештеңені бұрмаламағандығы анықталды",- деген ақпарат келтірілді.


Сот блогердің бейнеролик авторы емес екенін анықтады. Ол жариялаған материал Сенат отырысы кезіндегі Әскери прокуратура өкілінің сөзіне негізделген. Куәгерлердің айғақтары мен отырыс жазбалары мұны растады.


"Біз блогердің жалған мәліметтерді әдейі таратқаны туралы ешқандай дәлел таппадық. Оның әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқ",– деп түсіндірді Сот.