Блогерлердің табысы тексерілуде: кірістерді төмендету фактілері анықталды

Фото: Pexels

Мемлекеттік кіріс органдары салықтық әкімшілендіру аясында 594 тұлғаның табысы бойынша сәйкессіздіктер анықтап, «кірістерді төмендету» бұзушылықтары үшін 13-14 ақпанда камералдық бақылау хабарламаларын жіберді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.


Сәйкессіздіктердің жалпы сомасы – 53,3 млрд теңге. Хабарлама алған тұлғалар 30 жұмыс күні ішінде қосымша салық есептілігін тапсыруы немесе түсіндірме ұсынуы қажет.


Мемлекеттік кіріс органдары табыс алушылардың, соның ішінде блогерлердің, салық міндеттемелерін толық орындауын қадағалайды. Интернет арқылы табыс табу – жарнама, оқыту курстары, тауар сату және т.б. – салық төлеу қажеттігінен босатпайды.