БҚО-ғы жол апатынан аман қалған 3 адамның жағдайы белгілі болды

Фото: Мой город

24 тамызда орын алған Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал ауылындағы жол апатынан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Мой Городқа сілтеме жасап. 


БҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 43 жастағы ер адам жағдайы ауыр болғанына қарамастан, ауруханадан шығу туралы қолхат жазған. 


Ал қалған 2 бала жағдайы аса ауыр. Біріншісін Оралға жіберу жоспарлануда, екінші 10 жасар баланы санавиация көпрофильді ауруханаға жеткізіп, реанимацияға жатқызған. 


Еске салсақ, зардап шеккендерден бөлек, қаза болғандар да болды. 24 тамызда Жалпақтал ауылының маңында "ГАЗ-3102" автокөлігі жүргізушісі жол шетінде тұрған Камазға соғылған. Нәтижесінде, төрт адам өмірмен қош айтысты. Олардың қатарында Аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары және әйелі бар.