Браконьер Жетісуда 3 миллион теңгеге балық аулады
Фото: Polisia.kz
Жетісуда 3 млн теңгеге жуық сомаға заңсыз балық аулау фактісі орын алды,– деп хабарлайды Taspanews.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру барысында табиғатты қорғау полициясы 400 кг балық ресурстарын заңсыз тасымалдауға тырысқан Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.
– Көліктің жүк салғышынан 400 кг балық табылды, оны тасымалдауға тиісті құжаттар жоқ. Алдын ала залал 2,8 млн теңгеге бағаланды. Заңсыз аулау фактісі бойынша тергеу басталды, барлық жағдайлар анықталуда, – деп атап өтті табиғатты қорғау полициясының бастығы Ринат Парманов.
Полиция табиғатты қорғау заңнамасын сақтау және табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігін еске салады.