Брендтік заттарды сатумен айналысқан алаяқтар ұсталды
Фото: Pexels
Брендтік заттардың суретін қойып, жеткізіп әкелуге уәде етіп, ізін суытқандар ұсталды, – де хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
22 жасар Тараз тұрғыны мен Алматылықтар әлеуметтік желіде жалған парақша ашып, брендтердің суреттерін өздеріне көшіріп, онлайн алып-сатумен айналысқан.
Тауарға тапсырыс бергендерден қаражатты бірнеше есепшоттарға жіберіп тұрған. Тапсырысын ала алмай қалған тұтынушылар арыз беріп, қаражатты қайтаруға шара жасады.
Әзірге тек Шымкенттік тұрғындардың зардап шеккені белгілі.
Іс бойынша күдіктілер ұсталды. Тергеу жүргізілуде.