Бүгін Бердібек Соқпақпаев 100 жасқа толар еді

Фото: GOV.kz

"Менің атым Қожа" повесінің авторы Бердібек Соқпақпаевтың туғанына 100 жыл толды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Осы жыл – қазақ және балалар әдебиетінің классигі, «Менің атым Қожа» повесінің авторы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойымен сәйкес.


Оның "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Бозтөбеде бір қыз бар", "Өлгендер қайтып келмейді" және "Қайдасың, Гауһар" шығармалары Кеңестік мемлекеттер арасында және шетел түкпірінде кеңінен тарады. Кітаптары кинотуынды ретінде бейнеленіп, сахнада да шынайы реалистік көрініске ие болды.


Жазушының 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО ауқымында атап өтіледі