Бухмекер жарнамасы тек арнайы белгіленген жерде орналастырылатын болады

Pex фото на taspanews.kz от 08 апреля 2025 13:53
Фото: Pexels

ҚР Сенаторлары ойын бизнесін жарнамалау мәселелерін қарастырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Жарнама туралы заң бойынша ойын бизнесі жарнамасына шектеу қойылатын болады. Түзетуге сәйкес бухмекерлік кеңсесі мен тотализаторлар жарнамасы тек арнайы жерде орналастырылатын болады. Мұндай жарнама түрін мобильді құрылғыларға да жіберуге тыйым салынады.


Одан бөлек, ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңға сәйкес, бас бостандығы шектелген немесе шартты түрде сотталғандардың құмар ойынға қатысуы заңсыз болып есептелмек. Президент қол қойған жағдайда заң күшіне енеді.


Следите за новостями Taspanews